Аякөзде атыс болды деген ақпарат тарады(Видео)

/uploads/thumbnail/20170709184607122_small.jpg

Ғаламторда "Аякөздегі атыс" туралы видео тарады. Аталған бейнежазбада қыс күні көшені бойлай қашқан "жигули" автокөлігін видео түсірілген көліктің қуалағаны, қашқан көлік кенеттен тоқтап, ішінен шыққан белгісіз ер адамның нысанасыз оқ жаудырғаны көрінеді. Аталған оқиғаға байланысты "Қамшы" тілшісі Аякөздің ІІБ-іне хабарласып ақпарат ала алмады. Алайда, Аякөз тұрғындарынан істің мән-жәйін сұрап білді. 

Аякөз тұрғындарының айтуынша, видео дәл Аякөздегі жағдайдың видеосы болмауы да мүмкін. Бірақ, кеше кешкі уақытта Аякөздің ортасын бөліп жатқан темір жол маңында, орталық алаң тұсында атыс болған. Бейресми хабар бойынша 1995 және 1996 жылғы екі азамат ауыр жарақаттанып ауруханаға түскен. Біреуіне 16 оқ тиген. Ал екінші азамат темір сойылмен қатты соққы алған. Әзірге оқиғаның нақты қалай болғаны белгісіз. 

Ал, аталған жағдайды Шығыс Қазақстан облысы ІІД жоққа шығарған. "ШҚО-да атыс болды деп, жалған видео таратқан адамға 10 миллион теңге айыппұл салынады немесе ол бас бостандығынан айырылады. Қаскүнемдерді қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облыстық ІІД қызметкерлері іздеп жатыр." делінген департамент хабарласында. 

"Мұндай видеоны тарап жатқанын біз білеміз, - дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Торғаев. - Атап айтамын, Аягөзге бұл видеоның еш қатысы жоқ. Оның үстіне, алдын ала мәлімет бойыша, ролик 2015 жылы Ресейде әлеуметтік желілерде таралған. Видео Ресейде түсірілген болуы да мүмкін. Бұл тіпті Қазақстан емес! Бұл видеоны таратқандарды жедел іздестіріп жатырмыз. Жауапты адамдар 5 000 АЕК көлемінде айыппұл арқалайды (10 605 000 теңге) немесе 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады", - деді ол.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар