2017 жылы әлемдік тұрақтылыққа Еуропадағы сайлаулар мен Трамп пен Путиннің сыртқы саясаты қауіп төндіріп тұр деп хабарлайды vlast.kz.
Bloomberg 146 сарапшының арасында сауалнама өткізді. Нәтижесі мынадай:
- Сұралғандардың 85% 2017 жылы Еуропадағы сайлау (оның ішінде Германия мен Франциядағы президенттік сайлау) әлем үшін үлкен қауіп төндіріп тұр деп санайды.
- Сұралғандардың 80% АҚШ президент сайлауында жеңіп шыққан Дональд Трамптың сыртқы саясатынан сескенеді екен.
- Сұралғандардың 60% Ресей президенті Владимир Путиннің сыртқы саясаты әлем тұрақтылығына кері әсерін береді деп санайды.
Сонымен қатар, сарапшылардың 40% жуық Ұлыбританияның Еуро Одақтан шығуын қауіп көреді. Сауалнамаға қатысқандардың 20% Қытайдағы биліктің ауысуынан сескенетіндерін жеткізген.