Қазақстанның Ұлттық компаниялары жеке қолға өтпек. 50 аса ірі кәсіпорындар сатылады деп хабарлайды «ktk.kz». Оның ішінде «Қазақстан Темір Жолы», «ҚазМұнайГаз» және «Эйр Астана» бар. Бұл тізімді Ұлттық экономика Министрлігі жариялады.
Мемлекеттік холдингтерді сатуды өткен жылдың аяғында бастағанымен, толық тізімді жарияламаған. Енді кез-келген адам «Казатомпром», «Қазақстан ғарыш сапары», «Казахавтодор», «Қазпочта», «Қазақтелеком», «Тұрғын үй жинақ банкі», «Эйр Астана» және «Qazaq Air» сатып ала алады. Мемлекеттің меншігіндегі 800 нысанды жеке қолға беру жоспарда. Оларды ашық аукциондарда немесе қор нарығында сататын болады.
Бахыт Сұлтанов, ҚР қаржы министрі: «Бұл - мемлекеттің экономикадағы қатысын төмендету үшін керек. Жеке бастама бар жерден мемлекет кету керек. Қазіргі таңда 78 миллиард теңгеге бағаланатын 235 активтеріміз сатылды».