Әнші Айқын Төлепберген «тақырбас» болып қалды

/uploads/thumbnail/20170709184803988_small.jpg

Жылдағыдай отандық телеарналардың өңшең әртіс-әншілердің басын қосатын «жаңажылдық шоулары» тақап қалғанын ескерсек, әнші Айқын сол шоуларда осылайша «жарқыраған» басымен ерекшеленбек сияқты деп хабарлайды kaz.365info.kz

«Тақырбас» болу әнші Айқын Төлепбергенге ерекше жарасады екен. Жарасатыны сонша, Айқынның өзі шыдамай, «тақырбас суретін» парақшасына жариялапты.

«Super Star KZ» бағдарламасының екінші маусымының жеңімпазы әнші Айқын Төлепберген сырт келбетін өзгертіп, шашын тақырлап алып тастапты. Бұған не себеп болды екен? Әлде өзіне жасаған жарнамасы ма? Сахнадағы иммидж үшін әр тал шашына үлкен күтіммен қарайтын өнер адамдарының бірі мұндай қадамға барады деп кім ойлаған. Дегенмен Айқынның өзіне жарасып-ақ тұрған секілді.

Қатысты Мақалалар