Оқырмандардың Трамп туралы теріс пікіріне қарамастан Time журналы Дональд Трампты «Жыл адамы» деп атады деп хабарлайды www.vesti.ru. Әйгілі басылым жыл сайын әлемдегі ең беделді адамдардың рейтингісін жариялайды. Ол тізім 1927 жылдан басталады. Жыл адамы оқырмандардың дауыс беруі арқылы өткізіледі.
«Жыл адамы» - дауыс берушілердің пікірінше өтіп бара жатқан жылға ең көп әсер еткен тұлға.
Сайлау нәтижесіне сай 2016 жылы ең ықпалды адам ретінде Үндістаннның премьер-министрі Нарендра Моди таңдалған. Ол саясаттағы белгілі қайраткерлерді 19%-н басып озды.
Екінші орынды Трамп пен Обама өзара бөлісті. Оларға оқырмандардың 7% дауыс берді.
Десек те Time журналы «Жыл адамы» ретінде Дональд Трампты таңдады. Тек «Бөлінген Америка штаттары» деген мысқылмен жазған.