2016 жылдың 28 қазаны күні сағат 15.00 - де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеудің аясында Республика Сарайының алдындағы «Абай» алаңында қала көлемінде тұңғыш рет «Абай көшесінің күні» мейрамын өткізу жоспарлануда.
Шараны ұйымдастырушысы Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты.
Көше күнін өткізудегі негізгі мақсат – жастарды рухани-адамгершілік және патриоттық бағытта тәрбиелеу, ауданның әрбір тұрғынына мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, көше тұрғындары арасындағы бірлікті нығайту және Абай шығармашылығын кеңінен насихаттау болып табылады.
Іс-шара аясында: қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі, аудандық шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерт, «Абай» оқулары, ұлттық спорт түрлерінен спорттық ойындар мен мерекелік сауда ұйымдастырылады.
Айта кететін жайт, жыл соңына дейін Медеу ауданында «Достық», «Төле би», «Әйтеке би», «Қазыбек би», «Қабанбай батыр» көшелерінің мейрамын өткізу жоспарлануда.