Ақтаудағы екі бүлдіршіннің өліміне қатысты порталында мақала жарияланып еді. Соның қазақша нұсқасын Қамшы порталы оқырмандар назарына ұсынады.
Прокурордың айтуынша, бұл қылмыстың ақ-қарасы әлі күнге дейін анықталмады. Зерттеу жұмыстары ойға қонымды ақпарат бермегендіктен зерттеу жұмыстары ұзаққа созылып отырғанын мәлімдеді. Сол себепті де нақты қылмыскердің атын атау әзірше мүмкін болмай тұр.
Өлімнің себебін анықтау мақсатында тергеушілер мамыр айында Астана қаласында жүргізілген зерттеу барысында медициналық және таксикологиялық комиссиялар тағайындаған болатын.
«Өте күрделі іс. Қылмескерлерді табу үшін қазіргі таңда тергеу жұмыстары үш бағытта жүргізіліп жатыр. Біріншісі – жәндіктерді улаумен айналысатын көршілерін тергеу жұмысы. Екіншісі – бүлдіршіндерге медициналық көмек қаншалықты жақсы көрсетілді және де не себепті олар көз жұмды? Үшіншісі – ата-аналары пәтерде газдың иісі бар екенін біле тұра ол жерге неге қайта оралды?» - деп хабарлады прокурор.
Төменгі қабатта тұратын көршілерінің үйін тінту нәтижесінде үш шөлмек уксус қышқылы және де үш шөлмек құрамында хлоры бар ағартқыш сұйықтық табылды.
Сотқа дейінгі зерттеу жұмыстары ҚР заңының 317-бабы 4-тармағына сәйкес медициналық мамандардың қатысуымен жүргізілді.
Наурыздың 13-де қалалық балалар емханасына 6 бірдей отбасының балалары улану себебімен түскен болатын. Бүлдіршіндердің анасы балалары көз жұмбай тұрып бір күн бұрын төменгі қабаттағы көршісі пәтердегі қандалалрды улау мақсатында тазарту жұмыстарын жүргізген екен.
Дәрігерлер балалрды ауруханаға қабылдаудан бас тартып, үйлеріне қайтарып жіберген. Сол күні бүлдіршіндердің жағдайы төмендеп, қайтадан дәрігерлерге баруға мәжбүр болған. Төрт жастағы Мүслім Тимуркеев комаға түсіп, бірден қайтыс болды. Бірнеше сағаттардан кейін алты жастағы Мәриям да көз жұмды.
Аударған: Назерке Лабихан