Дональд Трамп реалити-шоу жүргізетін болды

/uploads/thumbnail/20170709184840114_small.jpg

АҚШ президенттік сайлауында жеңіп шыққан Дональд Трамп The Celebrity Apprentice реалити-шоуының атқарушы продюсері болады деп хабарлайды РИА. Ол NBC телеарнасында екі айлық үзілістен кейін 2 қаңтарда көрерменге жол тартады. Жүргізушісі – Арнольд Шварцнегер.

2004 жылы Трамп NBC арнасында шығатын «Оқушы» атты реалити-шоуының жүргізушісі әрі атқарушы продюсері қызметін атқарған. Сондай-ақ көп жылдар бойы The Celebrity Apprentice шоуын жүргізді.

Трамптың есімі бағдарлама жүргізуші Марк Бернеттен кейін экранда шығатын болады. Олардан кейін Арнольд Шварцнегердің аты аталады. Ол да шоудың атқарушы продюсері.

Трамптың жаңа телешоуда жалақыға жұмыс істеуі мүдделер жанжалын туындатуы мүмкін.  

Трамп әкімшілігінің уәкілі Джейсон Миллер президент сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамп өзінің АҚШ компаниясындағы акциясын  маусым айында сатып жібергенін айтқан. Ондағы мақсат – мүдделер жанжалын болдырмау.

 

Қатысты Мақалалар