Еуро Одақ, Еуро парламент және Еуро комиссия, Украина мен Грузия азаматтарына визасыз режим орнату жоспарына қатысты келісімге қол қойды деп хабарлайды Еуро Одақтың баспасөз қызметі.
Қос тарап төтенше жағдай кезінде визасыз режимді уақытша тоқтатуға уағдаласты. Бұл мәселені келісудің қажеттілігі виза қағидаларын жұмсарту мәселесі кешеуілдеуімен түсіндірді.
Еуро Одақ кеңесі мұндай механизмді Украина мен Грузия азаматтарына алдын-ала визаны болдырмау шарттары үшін талап еткен. Еуро Одаққа мүше елдердің бірінде немесе бірнешеуінде көші-қон дағдарысы туындаса, Брюссел өз қалауымен немесе бірлестік елдері осы шараны іске қоса алады.
Сәрсенбі күні визаны тоқтату туралы келісімге келген. Оған Еуро парламент дауыс беріп, Еуро Одақ Кеңесі ресми түрде растау қажет.
2015 жылдың желтоқсан айында Еуро комиссия, Украина мен Грузия Еуро Одақ елдеріне визасыз кіруі үшін барлық шарттарды орындады деп мәлімдеген еді. Киев пен Тбили екі елдің азаматтарына визасыз режимді жылдың аяғына дейін енгізеді деп үміттенеді.
Еуро Одаққа мүше елдердегі босқындармен болған дағдарыс одақ көшбасшыларын 45 миллион украиндық пен Грузия азаматтарына визасыз режимді орнату туралы мәселе ойландырды. Оның үстіне Грузия халқы тек 5 миллион адамды ғана құрайды.
Украина президенті Петр Порошенко Брюсселден келген жағымды хабарды жоғары бағалады.