Джейкобс пен WBA Головкинды тұтқында ұстап тұр

/uploads/thumbnail/20170709184854574_small.jpg

Hardwood пен Hollywood журналисті Дэн Триа Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен Дэниел Джейкобс (32-1, 29 КО) жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді.

«Ең жаманы – Джейкобс пен WBA Головкинды тұтқында ұстап отыр. Ол Сондерс, Канело және басқаларымен де белбеуінен бас тартпайынша жекпе-жек ұйымдастыра алмайды», – деп жазады Триа твиттер парақшасында.

Бұғай дейін Головкин мен Джейкобс белгіленген уақытқа дейін жекпе-жектің өтуіне келісе алмаған еді. Сондықтан жекпе-жек 19 желтоқсан күні Панамада өтетін промоутерлік саудаға жіберілді. Қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер әлі де саудаға дейін Эл Хэймонмен мәселені шешемін деген үмітте.

Қатысты Мақалалар