Жер Кодексіне қатысты мораторий ұзартылды

/uploads/thumbnail/20170709184855807_small.jpeg

ҚР Парламенті жерге қатысты бірқатар нормаларға мораторий жариялады деп хабарлайды kazinfo.today. Сенат Парламент депутаттарының пленарлы отырысында «2016 жылдың 30 маусым айындағы ҚР Заңына өзгерістер енгізу. ҚР Жер кодексінің белгілі бір нормаларын тоқтату және 2 қарашадағы 2015 жылғы ҚР заңын іске асыру  «ҚР Жер кодексіне толықтырулар мен өзгерістер енгізу» туралы заңды қарап, қабылдады.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары-ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов заң жобасын таныстырғанда, басты мақсат «ҚР Жер кодексіне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» Заңға мораториды 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту  екенін айтты.  

Норма - шет елдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шет елдік заңды тұлғаларға, сонымен қатар заңды тұлғаларға, қазақстандықтарға жеке меншікке ауылшаруашылығын дамыту мақсатында  жер телімдерінің 50% астамы берілетіндігімен байланысты.

 А.Мырзахметовтың айтуынша, жер құжаттарын тексеру жоспарланып отыр. Бұл – меншік иелері мен жерді пайдаланушылар туралы дерекқордың сенімді дереккөзін құру үшін қажет.

 «Заң қабылданғаннан кейін, мемлекеттің меншігіндегі жерлерді ауылшаруашылығына беруге қатысты сұрақтар заңды түрде реттеледі» деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Жер мәселесіне қатысты қоғамның наразылығы туындауына байланысты, Ел басының қаулысымен 2016 жылдың маусым айында заң қабылданды. Үкіметке бірқатар ұсыныс жасаған Жер реформасына қатысты комиссия құрылды. 2016 жылдың 18 тамызында  Президенттің төрағалығымен Астанада елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен Жер реформасына қатысты құрылған  Комиссияның қатысуымен мәслихат өткен болатын.  Мәслихат барысында Комиссия жұмысының нәтижесі талқыланып, Жер туралы заңға мораториді 5 жылға созу туралы шешім қабылданғанын еске саламыз. 

Қатысты Мақалалар