«Өмірге оптимистік тұрғыдан қарайтын әйелдердің қауіпті ауруларға шалдығуы аз кездеседі» деп хабарлайды Гарвард институның зерттеушілері.
Ғалымдар 70 мың әйелдің денсаулығын бақылай отырып, оптимисттер қатерлі ісікке, жүрек талмасына жиі ұшырамайтынын анықтады.
Эксперттер зерттеу нәтижесінде 70 мың қатысушы салауатты өмір салтын ұстанатын әйелдер болғанымен, позитивті психологиялық ойлау жүйесі адам өмірінде маңызды рөл ойнайды деген пікірде.
Оның үстіне оптимизмге үйренуге болады.

American Journal of Epidemiology-да жарияланған мақаланың авторлары: «егер адамдарды болашаққа жақсы үмітпен қарауына үгіттейтін болсақ, жалпы қоғамдағы адамдардың денсаулығына оң әсерін тигізетін еді», – деген байламға келген.
Зерттеушілер зейнетке шыққан және әлі де жұмыс жасайтын америкалық медбикелердің денсаулығын зерттеді.
Медбикелерден өзінің оптимизмдік балын 0-ден 24-ке дейінгі шкала бойынша белгілеп шығуын өтінді.
58 бен 83 жастағы барлық қатысушылардың денсаулық жағдайлары жақсы болғанымен, зерттеушілер сегіз жыл бойы ауруға байланысты қайтыс болғандардың барлығын тіркеді. Осы уақыт ішінде 4566 эксперимент қатысушысы қайтыс болып кеткен екен.
Оптимизмнің жоғарғы көрсеткішін көрсеткендер отбасы жағдайы, әлеуметтік шығу тегі, диабетпен ауруы, холестерин мен депрессияның жоғарғы деңгейіне қарамастан өлімге аз душар болған.
Зерттеушілер, сондай-ақ, жақсы ойлау білу – тек қана сау психика үшін емес, адамның денесіне де биологиялық әсері бар деп тұжырымдап отыр.
Жаттығу
Гарвард институның докторы Эрик Ким оптимизм деңгейін көтерудің бірнеше тәсілін көрсетті:
- Әртүрлі өмірлік ситуацияларда, отбасыңызда немесе жұмыста «өзіңіздің ең қуанышты сәтіңізді» елестетіңіз. Егер жақсы жұмыс жасасаңыз және жақсы нәтижелерге жетсеңіз, өзіңізді қалай сезінетіңіз жайлы ойлаңыз.
- Күн сайын қағазға өміріңізде алғыс айтатын үш нәрсені жазыңыз. Осыны апта бойы қайталап жүрсеңіз, көңіл-күйіңіздің жақсы жаққа қарай өзгергенін байқайсыз.
- Екі апта бойы басқа адамдарға жақсылық жасап, жазып жүріңіз.
Ким доктордың егіздерге жүргізген зерттеуі бойынша оптимизмның 25%-ы ғана генке байланысты, қалған 75%-ы өзіңіздің қолыңызда.
Аударған Шайхы Марал