Сирия Армиясы көтерілісшілер иелігінде болған Алеппо қаласының біраз бөлігін қайтарып алғандықтары жайлы хабарлады. Бүгін қаланың орталық аймағы Ескі шаһар үкімет әскерінің қолына көшкен. Сириядағы жағдай мен адам құқығын бақылау органдарының дерегінше, қалада бүгін түні бойы атыс болған. Қазір үкімет әскері шығыс Алеппоның үштен екі бөлігін қайтарып алған. Қаланың орталығын төрт жылдан бері басып отырған көтерілісшілерге қараған аумақта он мыңдаған бейбіт халық қалған. Қалада азық-түлік тапшы болып, аураханалар жабық тұр. Мирия президенті Башар әл-Асадқа қарасты үкімет әскері елдегі екінші ірі қала Алеппоны қайтарып алу үшін арнайы жасақтар мен Ресей әскерінің көмегіне жүгінген. Бірақ Ресей Алеппоны бомбалап жаьпағанын айтады.

«Башар Асад соғыста жеңіске жетті». Дәл осы тезис 2016 жылдың 28 қарашасынан бастап Алеппо қаласының солтүстік-шығыс аймағы үкімет қарамағына өткеннен соң барлық БАҚ-та кеңінен талқыланды. Алеппоны тазарту, әрі қарай Идлиб аймағына қарай әскерлерді бағыттау үшін үкімет тарапынан үлкен дайындықты қажет етеді.
Қамшыгер: Назерке Лабихан