Адамдар Қазақстаннан неге кеткісі келеді?

/uploads/thumbnail/20170709184916345_small.jpg

Жақында таныстарымның қаншасы басқа елде үй алғанын санап көрдім. 30-дан аса отбасы Ресей, Еуропа мен Америкаға көшкен екен. Жуырда бір отбасын Белоруссияға шығарып салдым.

Адамдар Қазақстаннан неге қашады? Өйткені халық еркін қаржылық жағдайында өмір сүргісі келеді. Басқа себеп көріп отырған жоқпын.

Қазақстандағы ең кедей аймақ – Солтүстік Қазақстан облысы. "ВКонтакте" әлеуметтік желісіне кіріп, жай ғана «Петропавловск жұмыс» деп теріп көрдім. Шыққан нәтижесін көргенде өз көзіме өзім сенбедім. Көз алдарыңызға елестетіп көріңіздерші, Алматыдағы көше сыпырушының жалақысы есепші көмекшісінің айлығынан көп. «12 сағаттық жұмысқа 2000 теңгеге жұмыс істейтін даяршы қажет» деген хабарламаларды көрдім. Статистика бойынша орташа жалақы –  143 650 теңге. Шын мәнісінде 50 мың теңгеге әрең жетеді. Адамдар университеттерді тәмәмдап, жоғары білімімен 45  мың теңге жалақыға жұмыс істейді.

Қазақстандықтардың қаржылық әлеуеті қиын. Екінші, баспана мәселесі. Таныстарымның тең жартысы жалдамалы пәтерде тұрады. Пәтер ақысы өте қымбат. Баласы бар отбасыларға ипотека алу қиын.

Адамдар Еуропадағы немесе теңіздің арғы жағындағы өмірді көргеннен кейін туған жерге оралуға асықпайды. Себебі, дәл сондай күш жұмсап жақсы жетістіктерге жетуге болатынын түсінеді.

Жазба Серік есімді блогердің yvision.kz сайтындағы жеке блогынан алынды.

                  

 

Қатысты Мақалалар