Оралмандарды Қазақстанда қалай кемсітеді?

/uploads/thumbnail/20170709184934845_small.jpg

Қытайға, сол секілді елден жыраққа кетіп, қайтадан оралған қандастарымыздың 70 пайызы — сауатсыз. Оның үстіне, менің естуімше, оларға мемлекет 1 миллион теңгеге дейін ақша, үй-жай береді. Бірақ оның барлығына бірдей оралман ағайын қол жеткізе алмай жүр. Дегенмен ауылдың қазағы осыған қарап: „Біз кімнен кембіз„ деп оларға қызыға қарап, көре алмайтын секілді деп хабарлайды 365info.kz

Алмас Ахметбекұлы:

 — Өкінішке қарай, қоғамда ондай пікір бар.  „Оралмандар қашқындар, оралмандар сатқындар, оралмандар сауатсыздар„ дегенді қазақтың қазақ жерінде топтаса түсінен қауіптенгендердің әдейі шығарғаны, дақпырты деп білемін.

Қазақ мәңгілік ел болу үшін, Қазақстан ұлттық мемлекет ретінде қалыптасып, дамуы, оның топырағының тұтастығы үшін өзінің, болашақ ұрпағының, өткен ата-бабасының мүдделері топтаса түсуі аса маңызды. Мұндай қуатты мемлекеттің пайда болуы біреулерге ұнамауы мүмкін. Сондықтан қазақтардың топтасуын алдын алу үшін түрлі әрекеттер болды деп ойлаймын. Соның бірі — оралмандарды кемсіту, ағаш басына ілу, „дайын асқа тік қасық„ болды деген дақпыртты таратудан туады.

Бүгінге дейін Қазақстанға 1 миллион қазақ келді. Бұл Қазақстандағы негізгі ұлттық құрамды — қазақтың санын 10 пайызға арттырды.

Оралмандар неге шенеунік болғысы келмейді?

Алмас Ахметбекұлы: 

— Сырттан келген соң, оларда ұқыптылық, сақтық, жинақылық деген бар. Себебі қоныс аударып келді, жаңа қонысқа келді. Бала-шағаларын орналастыру керек, оқыту, мал табу, жан бағу, отбасын асырау керек. Содан кейін де олар қарыз сұраса бермейді, есік алдында көлігі тұрса да бензин сұрайды. Мұндай мінез бар.

Маған бір жігіт: „Көршім бар оралман, көлігіңмен бір жаққа барып келейік десем, бензин сұрайды„ деп айтты. Енді ол сен үшін бензин шығындайды деймін ғой. Ол сен секілді тұрақты орында емес, енді ғана көшіп келді, елең-алаң, сондықтан ақшасын түгесіп қойғысы келмейді.

Дәл өз басым депутат та, министр де болғым келмейді. Неге?..

Өйткені шетелдегі қазақтардың көбі жеке кәсіпкерлікке бейімделіп келеді, соған құлшынып тұрады. Жеке кәсіпкерлік деген не? Егер кәсібі жақсы жүретін болса, ол мемлекеттік қызметкерден әлдеқайда бай, әлдеқайда еркін адам. Мен мемлекеттік қызметкер болсам, осы араға сұқбат беруге келе де алмас едім. Ондайда басшылығымнан рұқсат сұрауға тура келеді. Ескерту алуым да мүмкін.

Қытай консулдығы күніне 300-400 адамға виза береді

Алмас Ахметбекұлы: — Осыдан 3-4 ай бұрын Үрімшіде болдым. Марғұлан деген азамат келген екен консульдыққа. Күніне 300-400 адамға виза беріп жатырмыз дейді. Бір жылдық көп реттік виза беріп жатыр. Ал енді кезекте тұрғандар мәселен, 300-400 мың адам. Немесе 10 мың, 20 мың, 30 мыңдап кезекте тұр. Ал олардың кезегінің алшақтығына байланысты виза 6 айдан, 7 айдан кейін келеді, яғни ондай проблема бары рас…

Қатысты Мақалалар