«Bloomberg» 2017 жылға әлемдегі болуы мүмкін саяси өзгерістерге болжам жасады. Аталмыш баспа 2016 жылға да өз болжамдарын жасап, оның бірнешеуі тура келді. Мәселен, Дональд Трамп АҚШ президенттік сайлауында жеңіп шығатыны, Англияның ЕО шығатыны туралы айтылған.
Еуропадағы дағдарыс
«Bloomberg» 2017 жылы Францияның президенттік сайлауында Марин Ле Пен жеңіске жетіп, Францияның ЕО шығу туралы референдум өткізіледі деп болжайды.
Сонымен қатар Шенген аймағы жойылады деген ойда.
Германияда Ангела Меркел сайлауда жеңіліс табады. Ал Италиядағы «Бес жұлдыз» партиясының көшбасшысы Беппе Грилло билікке келіп, италияндық лираны қайта енгізу туралы референдум өткізеді.
Ал Құрама Королдіктегі Тереза Мэйді, Брэкзит бойынша одан да қатал саясатты ұстанатын үміткер басып озады.
Грецияда экономикалық дағдарыс жалғаса береді. Алайда, бұл жолы ешандай қаржылық көмек көрсетілмейді.
АҚШ Трамптың мәселесі
2017 жылы АҚШ-та Трамптың атағы бірден асқақтап кетеді. Оған салыққа қатысты салмақты реформаның да әсері болады.
Калифорнияда жаңа президентке қарсы саяси оппозиция қалыптасады. Дональд Трамп Орталық Азияға әсерін күшейтіп, есірткі тасымалы үшін Ауғанстанда өз билігін нығайту мақсатында АҚШ-тың НАТО-дағы және БҰҰ мүшелігінен бас тартады.
Солтүстік Корея өз зымырандарын ядролық жабдықтармен қамтамасыз ете алатын дәрежеге жеткенде, АҚШ-тың Азияға әсері әлсірейді. Ол Дональд Трампты Қытайдан көмек сұрауға мәжбүр етеді.
Дональд Трамп АҚШ пен Кубаның қарым-қатынасын дипломатиялық жолмен реттеу процессін тоқтатады. Бұл аралдың ресейлік арнайы қызметке есігін айқара ашуына түрткі болады.
Трамп пен Путиннің қарым-қатынасына сызат түседі.
Сауд Арабиясы және мұнай
Мұрагер ханзада Мұхаммед бин Салманның орынбасарының әлемдегі ірі мұнайдың өндірісін әртараптандыру әрекеті іске аспайды.
Жеңілдіктердің жаңа салықтармен алмастырылуы өмір сүру деңгейінің төмендеуіне әкеледі. Соның салдарынан халық наразылығы күшейеді.
Сарайдағы төңкеріс билікке корольдік отбасының жаңа мүшесін алып келуге мәжбүрлейді. Ол таңдалған мұрагерді шетке ысырып, реформаны тоқтатады.
Трамп Жақын Шығыс, Америка үшін үлкен мәселе емес деген тоқтамға келеді. Ал Сауд Арабиясымен Иранның қарым-қатынасы тікелей қарулы қақтығыспен аяқталады.
Мұнай мен газ экспорты қысқарады. «Saudi Aramco» Ұлттық мұнай компаниясын жекешелендіру жоспары іске аспай қалады. Сауд Арабиясы ұлттық валютасын девальвацияға ұшыратады.