Теңге нығайып жатыр

/uploads/thumbnail/20170709185113664_small.jpg

 12 желтоқсандағы доллардың орташа бағамы 330,51 теңгені құрады. Бұл  туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 329,74 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 331,15 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 330 теңге болды. күндізгі сессияда сауда көлемі 82 млн 150 доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 305 деп хабарлайды 7kun.kz.

Ақша айырбастау орындарында 12 желтоқсандағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 15:50) Алматыда 335 теңгені құраған.

Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.

 

Қатысты Мақалалар