Иә, Бекболат Тілеухан мен Азамат Битан халықтан сұмдық зәбір көрген екен, олар Сократ екен, Ғайса екен, Абай екен, Әлихан екен, Міржақып екен, Алаш арыстарының соңғы тұяғы екен де, ал, халық – тобыр екен...Иә, Бекболат пен әлгі ақылман бала – шыншыл, батыр, күрескер екен де, әбден майға семірген, ішкен-жегені алдында халық – бил іктің елге жасаған бар жақсылығын бағаламайтын тобыр екен, қорқақ екен, жынды екен, әртіс екен...
Халық Бекболатты көре алмайды екен. Құдай-оу, мемлекеттік сыйлықтары, алған атақ-мақтары аз екен, «Халық батыры» деген бір жапырақ қағаз бере салыңдаршы өзі, тынышталсын.
Дина Елгезектің Фейсбуктегі парақшасынан алынды.