Гитлердің үйі кәмпескеленетін болды

/uploads/thumbnail/20170709185651068_small.jpg

Австриялық парламент, 1889 жылы Адольф Гитлер туылған үйді мемлекет пайдасына жаратуға арнайы заң қабылдады деп хабарлайды bbc.com. Ғимарат неоұлтшылдардың орталығына айналмауы үшін осындай заң қабылданған.

Браунау-ам-Инн қаласында  орналасқан 3 қабатты үйдің қазіргі иесі  Герлинда Поммер оны сатуға үзілді-кесілді қарсы шықты.

Ғимарат туристердің ең көп келетін орнына айналмауы үшін 1972 жылы муниципалдық билік  оны  жоғары бағаға жалға алған. Қазір оған ай сайы 4800 еуро төленеді.

Үй Герлинда Поммерден күштеп алынғаннан кейін оған өтемақы төленеді. Алайда, қанша берілетіні әзірше белгісіз.

Гитлер үйдің жоғарғы қабатында жалға берілген пәтерде дүниеге келген. Австрияда үйдің тағдырын қалай шешу жөнінде бұған дейін де талқылаған. ІІМ Вольвганг Соботка оны құлатуды ұсынып келеді. Алайда, тарихшылар оған қарсы шықты. Олардың ойынша ғимаратты бұзу, елдің нацистік өткенін жоққа шығарумен пара-пар.

Қазіргі таңда тарихи ғимараттың кіреберісінде «Бейбітшілік, еркіндік және демократия үшін. Фашимзге орын жоқ» деп жазылған тақтайша ілініп тұр. Гитлердің аты аталмаған.

Адольф Гитлердің ата-анасы Зальцбургер-Форштадт көшесіндегі үйде бірнеше апта ғана тұрған. Гитлер туылғаннан кейін басқа ауданға көшіп кеткен. Оның жасы үшке толғанда Браунау-ам-Инна қаласынан мүлде көшіп кеткен. 

Қатысты Мақалалар