Данияда Оңтүстік Корея президентінің қызы Пак Кын Хенің жақын құрбысы Чхве Сун Сильдің қызы Чун Ю Ра ұсталды деп хабарлайды euronews.com.
Чун Ю Ра – белгілі жас спортшы қыз. Ол ат спортымен айналысады. Чун Ю Ра анасының астыртын әрекетіне қатысы болуы мүмкін. Сондықтан прокурор қызды жедел елге алып келуін талап етіп отыр.
«Біз Чун Ю Раның жедел түрде елге алып келінуін Сырты істер министрлігінен сұрап отырмыз. Қазір Чун Ю Рамен елшілік және Данияның СІМ арқылы байланысқа шықпақпыз» дейді прокурордың өкілі Ли Кью Чюл.
Чхве Сун Силь қазір қамауда. Оған пара алды, қызметін асыра пайдаланды және бопсалау айыптары тағылып отыр.
Аталмыш іске байланысты даудамайдың бір ұшы республика президентіне де тиді. Оған құрбысының әрекетін жасырып келді деген айып тағылып отыр. Қазір Пак Кын Хе импичмент бойынша парламент сайлауындағы дауыс беру нәтижесін Конституциялық сот бекіткенше, уақытша өз қызметінен аластатылды.
Пікір қалдыру