Мемлекет басшысы Қарағанды облысы Шахан қаласында көп пәтерлі үйдің кіреберісі құлап, адам шығынына әкеп соқтырғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады деп хабарлайды Ақ Орданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Президенті қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Елбасы Қарағанды облысының әкіміне, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдарға зардап шеккен тұрғындардың бәріне жан-жақты көмек көрсету үшін тиісті шаралар қабылдап, төтенше оқиғаның себебін анықтау жөнінде тапсырма берді.
Пікір қалдыру