Белгілі продюсер Баян Есентаева туыстарымен, достарымен бірге Вьетнам елінде демалып жүр. Баян Мақсатқызы өзінің 43 жасын аталмыш елде қарсы алды. Әлеуметтік желі арқылы продюсер жыл сайын туған күнін шет елде қарсы алатынын байқауға болады. Осы жылы да жылдағы дәстүрінен танбады. Баян Есентаевамен бірге оның кіші қызы Айару, сіңлісі Бағым Мұхитденова, құрбылары Динара Адам мен Аида Кауменова, әнші Айдана Меденова туған күнді атап өтті. Музыкалық продюсер Бағым Мұхитденова әпкесіне арнап ән де айтып берді. Шетелге демалуға бірге барған жақындары мен достары видео құттықтау жіберген екен.Оны продюсер инстаграм парақшасына салып, тағдырына риза екенін жазған.