Дүниежүзі қазақтарының мүшәйрасы өтеді

/uploads/thumbnail/0_small.jpg

 Дүниежүзі қазақтары Қауымдастығының 20 жылдығына орай шетелдік және оралман қазақ жастарының арасында “Атамекен және шетелдегі қазақ жастары”  атты жыр мүшәйрасы мен термешілер сайысы өтеді.

ЕРЕЖЕСІ

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы 2012 жылдың қазан айында Алматы қаласында өтетін Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының құрылғанына және көші-қонның басталуына 20 жыл толуына орай “Атамекен және шетелдегі қазақ жастары” атты  шетелде тұратын және оралман қазақ жастарының жыр мүшәйрасы мен термешілер сайысын өткізуді жоспарлап отыр.

                                  Мүшәйра мен терме сайысының мақсаты:

 – Шетелдегі жас қазақ ақындарының жырларын байқауға қатыстыру арқылы олардың ұлттық отаншылдық сезімін ұштап, Атажұртына деген махаббатын артыруға, мемлекеттік тілдің мәртебесін одан әрі көтеру, әлі таныла қоймаған ақындарды, әсіресе, жас дарындарды анықтау.

 – Қазақ жастары арасында отансүйгіштікті кеңінен насихаттау, өскелең ұрпақтың өн бойына ұлттық рухты сіңіруге, тәуелсіздікті терең сезінуге және 20 жылдық мерейтойын кеңінен насихаттау.

 Мүшәйра мен терме сайысының  шарты:

 Мүшәйра мен терме сайысына 35 жасқа дейінгі шетелдерде және Қазақстан Республикасында тұратын ақындар қатыса алады.

Автордың шығармасы ешбір жерде жарияланбаған болу керек.

Бір ақынға үш өлеңмен қатысуға болады.

Бірінші өлеңі – Атамекен, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына –20 жыл /міндетті/;

Екінші өлеңі – Шетелдегі қандастар тағдыры және көші-қон туралы (міндетті);

Үшінші өлең - еркін тақырыптағы өлең болуы қажет.

                 Терме сайысы – Еркін тақырып

Өлеңдер 2012 жылдың 15 қыркүйегіне  дейін қабылданады. Жіберілетін өлең мәтінінің астына автордың толық аты-жөні, өмірбаяны, байланыс телефондары, тұрғылықты мекен-жайы көрсетілуі шарт.

Ұйымдастырушылар авторларға өздері көрсеткен байланыс телефондары арқылы хабарласатын болады. Арнайы әділқазылар алқасымен іріктелген жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 2012 жылдың қазан айында Алматы қаласында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының құрылғанына 20  толуына өтетін іс-шаралар шеңберінде өткізіледі.

 Әділқазылар алқасының шешімімен жеңімпаздарға үш дәреже бойынша жүлде тағайындалады:

 Бірінші жүлде – 1

Екінші жүлде –  1

Үшінші жүлде – 1

Ынталандыру сыйлығы – 3

 

Мүшәйра жеңімпаздары  лауреаттық  дипломдармен және  бағалы сыйлықтармен марапатталады.

 Ақындар өлеңдерін «Мүшәрайға» деген атпен мына мекен жайға жібере алады: Алматы қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі, 43 а.

Өлеңдерді ғаламтор арқылы  келесі электрондық поштаға жіберуге болады:  akberen.80@mail.ru немесе kazaktar.kz@mail.ru  

           

Қазылар алқасы

 Мүшәйрадағы өлеңдерге баға беретін қазылар алқасының құрамы төрағадан, хатшыдан және 3-5 алқа мүшелерінен тұрады.

 Қазылар алқасының құрамын Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары бекітеді.

 Қазылар алқасы ақындардың өлеңіне талдау жасайды және 10 балдық жүйемен бағалайды, жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындарды бөледі.

 Әділқазылар алқасының құрамы

 

  1. Серік Тұрғынбекұлы – ақын, әділқазылар алқасының төрағасы;
  1. Сұлтанәлі Балғабаев – жазушы-драматург, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төралқа Төрағасының орынбасары;
  1. Несіпбек Айтұлы – ақын, «Алтын тамыр» журналының бас редакторы;
  1. Жаннат Әскербекқызы – ақын, «Отырар кітапханасының» қызметкері;
  1. Мұрат Шаймаран – ақын, Қазақ ұлттық университетінің қызметкері;

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар