Сириядағы соғыста ұзақ уақыт күтілген атысты тоқтатуға қол жеткізілді әрі тараптар кең форматта Келіссөздер үстеліне отыруға келісті. Ұзаққа созылған қанды соғыстың аяқталуы үшін шешім жолдарын талқылауға бұл жолы тек қана тіке емес жанама жолдармен қақтығысқа тосқауыл болған тараптар Қазақстанның астанасы Астанада жиналуға дайындық жасады. Бітімгерлік кездесуінің Астанада өтуінде болса маңызды себептер бар.
Ресей, Түркия мен Иран Қазақстанның астанасында 23 қаңтар бітімгерлік келісімін бастайды.
Сириядағы атысты тоқтатуға толық мағынасында қолжеткізуі үшін Түркия, Ресей және Иран кепілдігінде бейбітшілік бітім-шартын Астанада өткізу құп көрілген. Оған Сириядағы Асад режимінің қарулы оппозициясы да қатысады.
Чанкая университетінің Халықаралық сауда бөлім бастығы профессор Махир Накип бітімгерлік келісімнің неліктен Астанада өтіп жатқанына талдау жасады.
- Сирия мәселесіне шешім іздеу асылында үш жылдан астам уақыт жалғасып келе жатыр. Осы уақыт аясында қажетті форматы және талқылау платформалары, кейде қатысушылар тұрақсыздық көрсетті. Қысқаша атап айтар болсақ, Лозанна жиналысы, Вена және Женева дөңгелек үстелдері өкінішке орай ұзаққа созылған соғысты аяқтату үшін оң нәтиже бермеді.
600 мың кісі қайтыс болды, 6 миллион адам бас сауғалап кетті
Әлбетте, бұл жағдайға көптеген әртүрлі себептер бар. Алайда дөңгелек үстелде шешімін таппаған – бітпеген ішкі азаматтық соғыс жаратқан күйзеліс миллиондаған адамға зарар бергені де есепке алынар болса, жағдайдың ауырлығы мен өзектілігі анық сезіледі. Статистикалық цифрлар әртүрлі деректерде түрлілік көрсетсе де Сирияда азаматтық соғыстан 600 мыңға жақын адамның опат болғаны, 6 миллион сириялықтың шетелге қашқаны, 3 миллион адамның мемлекет ішінде босып кеткені, 200 мың адамның із-түссіз жоғалып кеткені анық ақпарат.
Әрине, статистикаға сүйенген деректер болған драманы айтарлықтай көз алдыңызға әкелсе де адамдардың шарасыздығын, соғыстың қорқыныш келбетін түсінуде аз және жетерсіз болмақ. Бұл цифрлардың жанында өмірден ерте озған, жастай қыршынынан қиылған адамдар, балаларынан айырылып қайғыға көмілген отбасылар, қамқорсыз жетім қалған балалар – сандармен өлшене алмайтын «күнді» соғыста көреді. Сирия трагедиясын түсіну үшін бір уақыттардағы гүлденген Таяу Шығыс қалаларына иелік еткен елдермен қазіргісін салыстырсақ жетіп жатыр. Бүгін Сирияда әлемдік бай мұраға ие қалалардың жермен жексен етілген, күл мен қирандыға айналған табломен бетпе-бет қалдық. Бұл ретте себептер былай тұрсын, соғыстың бітуіне бір шара іздеу қажеттігі, тіке және жанама барлық тараптың ортақ көзқарас ұстанған ең маңызды мәселе.
Неліктен Астана?
Қаңтар айы соңында Астанада өтуі жоспарланған және асыға күтілген бітімгерлікке Сирия ресми органдары, Сирия оппозиция өкілдері, Ресей, Түркия, Иран, Сауд Аравиясы мен Катар делегациялары қатысатындарын айтты. АҚШ, Қытай және БҰҰ болса Астана платформасын қолдайтындарын мәлімдеді. Ресей президенті Путин мен Түркия президенті Режеп Таийп Ердоған екі ел бітімгерлік келісімінің кепілдері – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон әңгімесінде бітімгерліктің Қазақстан топырағында өтуінен қуанышты екені айтылған. Қазақстан лидері де бейбітшілік үшін қажетті платформаны ұсынуға және келісімге қажетті барлық тиісті жағдайды дайындауға әзір екенін айтқан.
«Неліктен Астана?» сұрағының жауабына келсек, алдымен Қазақстанның тарапсыз және бейбітсүйгіштік позициясымен алдыңғы қатардағы ел боп тұрғанын айта кету керек. Қазақстан – халықаралық қақтығыстарда біржақты көзқарас ұстануды емес, дәнекер болуды таңдайды. Бүгінге дейін Сирия мәселесін қоса алғанда әлемнің бірнеше мемлекетінде орын алған қақтығыстарда тарапсыз көзқарастарымен танылған. Сол себептен де Астана бейбітшілік келісімдерінде кездейсоқ таңдалған жоқ. Астана бүгінге дейін мойнына алған көптеген дәнекерлік миссиясын сәтті орындап шыққан.
Өткеннен мысал келтіре кетер болсақ, Нұрсұлтан Назарбаев сәулетшілік еткен Орта Азияда Өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес туралы конференция(АӨСШК / АӨСШК) аясында жасалған саммиттерде Пәкістан мен Индия арасындағы текетірес бәсеңсіп, тараптар бір үстелге отырған болатын. Басқа бір тараптан қарасақ, әр жыл Астанада әлемдегі барлық діндердің өкілдері бас қосып, халықаралық мәселелерге шешім іздейді. Биыл Астанада өткізілген «діндер кездесуінде» де терроризм мен экстремизмнің тақырыбы талқыланды. Терроризм құрбаны болмаған ел жоқ саналатын әлемде шешім ұсыныстары Астанадан жетті. Қазақстан, Иран ядролық дағдарысында да дәнекерлік рөл атқарған тараптардың бірі болды.
Түркия-Ресейдің татуласуында Қазақстанның рөлі
Қазақстанның аймақтық және жаһандық бейбітшілікте қосқан үлесіне берілетін ең жарқын әрі Түркияға қатысты мысал болса – Орыс ұшағының құлатылуымен ортаға шыққан түрік-орыс шиеленісі кезеңінде орын алды. Астана – екі ел арасындағы критикалық кезеңде байланыстардың қалпына келуіне кілт ролін атқарды. Сондай-ақ Ресей-Украина қатынасында да әр мүмкіндікте , Донбасс мәселесінде де шешімге бағытталған келісімдер үшін дипломатиялық жағдай орнатуға дайын екенін білдірді.
Алайда, бұнда астын сызып айту керек мәселе барлық оқиғаларға араласқан Астананың енді Сирия шиеленісі келісімінде төрін ұсынып отырғаны. Женева платформасында орын алған әрі нәтижесіз аяқталған келісімдердің Астанада да ондай жағдаймен аяқталмайтыны туралы күмәнін түрлі мамандар айтып жатыр. Қазіргі жағдайда Сирия дағдарысының шешіміне байланысты барлық қатысты тараптардың қабыл еткен құжаты «Астана декларациясы» болуы бұл тақырыптағы көзқарастардың түп негізі.
Бірінші отырыстан шешімді күту шынайылық емес
Сирияда жарияланған атысты тоқтату келісімі барынша критикалық шеңберде жүріп жатқанда, Астана келісімі Сириядағы қантөгісті тоқтатуда шешуші маңызға ие. Келісімнің негізгі миссиясы Сирия оппозициясы мен ресми органдарының бір бітімгерлік жасауы. Бұндай нәтижеге жете қалған жағдайда бүкіл әлем барынша қуанатын болады.
Астана келісімдері бұл қақтығыстың шешімінде маңызды рольге ие. Алайда, Бұл рол не алғашқы, не соңғы рол болып қалатынға ұқсайды. Қақтығыс шешімінің ұзын бір процесі де бірге басталуы мүмкін. Мәселенің қаншалықты күрделі екенін ойлап қарасаңыз алғашқы отырыста бір шешімге келу шынайы бола қоймас. Астанамен басқан алғашқы қадам үздіксіз платформа жасақталуы керек ақиқатын да ортаға шығаруы мүмкін. Астана ондай сценарийге де дайындығын жасап жатыр.
Астана – күрделі һәм шиеленіскен Сирия мәселесіне шешім іздейтін және тараптарға төрін ұсынатын санаулы астананың бірі. Мәселенің қиындығы ара-тұра жылт берген «бейбітшілік келісіміне бойкот» хабарларынан да байқалады. Алайда бітімгерліктің жаңа бір форматта жүзеге асатын болуы – мәселені шешудің жаңа формуласының Астанадан табылатынына жетелейтін көзқарастарды күшейтеді.
18 қаңтар.
Аударған Нұрғали Нұртай