Италиядағы Rigopiano қонақ үйіне қар көшкіні жүріп өткенде қонақ үйде болған 22 жасар қыздың әңгімесі көпті таң қалдырды. Ол БАҚ қардың астында 58 сағат бойы қалай күресіп, не істегенін айтып берді.
Джорджи Галассидің айтуынша ол шөлін қандыру үшін қар жеп, мұз жалаған.
Галасси құтқарушылар құтқарып қалған 9 адамның бірі. Басқаларын да құтқаруға үміт бар дейді құтқару қызметі. 24 адам іздестіріліп жатыр. 5 адамның денесі табылды.

Биліктің айтуынша 120 мың тонналық көшкін қонақ үйді сағатына 100 шақырым жылдамдықпен басып қалған.
Қонақүйдегі адамдардың көбі бірінші қабатта болған. Олар көшкінге дейін болған жер сілкінісінен кейін қауіпсіз жерге көшуге дайындалып жатқан. Бір сәтте қар көшкіні келіп тұтас бір қонақ үйді басып қалды. Ары қарай қараңғылық, тірі қалғандардың ащы дауысы және шөл.
Қар көшкіні кезінде Джорджия 25 жасар Винченцо Форти есімді жігітімен диванда отырған.
«Айналадағының барлығы қирай бастады. Мен ештеңе түсінбедім» дейді қыз. Ол есін жинағанда отырған бөлмесі үңгірге айналғандай әсер қалдырғанын айтады. Джорджие Галасси қонақ үй жердің терең түбіне түсіп кетті деп ойлады.
«Онда өте қараңғы болды. Сырттан ешқандай дыбыс болмады. Біздің дауыстарымыз жаңғырық болып шығып жатты» дейді 22 жасар студент қыз.
Джорджия өзінің жігітін шақырған әйелдің даусы мен қолын жарақаттап алған римдік ер адамның шыңғырғанын естіді. Тағы бір әйел қызын іздеп жатты.
«Барлық балалар өздерін өте жақсы ұстады. Баланың жылағанын мүлде естімедім» дейді Джорджия. Ал өзі көп жас төккен. Ал жігіті болса үмітін үзбеді.
«Ол бізге демеу көрсетіп отырды. Кейде бізді тыныштандыру үшін ән айттты» дейді 22 жасар қыз.
Оның айтуынша олардың жейтін тамағы болмады. «Ештеңе болмады. Тек мұзды жеп отырдық. Ал мұз көп болды. Сол арқылы біз күш алдық».
Жергілікті уақыт бойынша сағат 11.00-де жұма күні механикалық дауыс одан кейін адамдардың даусы шықты.
«Мен Джорджиямын, мен тірімін». Тірі қалған қыздың сөзінше бұл өміріндегі айтқан ең керемет сөздері болды.

Қонақ үйдегі адамдарды құтқару үшін Италияның түрлі құтқару қызметтері атсалысты.
Соңғы бірнеше айда Италияда бірнеше жер сілкіністері болды. Тамыз бен қазан айлары аралығында Аппенинада үш мәрте 6 баллдық жер сілкінісі болды.