ЕРДОҒАННЫҢ «ТІЗГІНІ» ПУТИННІҢ ҚОЛЫНДА

/uploads/thumbnail/20170709200217533_small.jpg

 

«Қамшы» порталының поштасына төмендегідей мақала келіп түсті. Түркиялық БАҚ-тан аударылған мақала Түрік президенті Ердоғанды ДАИШ-қа қолдау білдіріп отыр деп айыптайды.  Qamshy.kz сайты — еркін ой алаңы, ашық талқы мінбері екенін ескерте отырып мақаланы жариялауды жөн таптық. Келіспейтін тұстарыңыз болса, үн қатыңыз құрметті оқырман!

Ердоған Ресей елшісіне қастандық жасаушының «әл-Нұсра» лаңкестік тобының мүшесі еместігін жақтаса да, Ресей Анкараның жихадшылармен қалай ауыз жаласып отырғанын жақсы біледі. Мәскеудің БҰҰ-ға ұсынған баяндамасын еске түсірейік: Түркия Ұлттық қауіпсіздігінің ДАИШ-тықтардың ісін үйлестіргені, Ердоған отбасының ДАИШ-пен мұнай саудаласуы...

Ердоған режимінің Ресей ұшағын атып құлатуынан кейін сауда эмбарго жариялаған Мәскеумен жақындасу үшін барынша ыңғай танытқан кезеңде «Әл-Нұсралық» лаңкестің Ресей елшісін атып өлтіруі Анкарада онсыз да астаң-кестеңі шыққан барлық қатынастарды бұзды. 
«Әл-Нұсра» терроршыларын логистикамен қамтамасыз еткен, шекарасын осы және осы тектес ұйымдарға ашып берген, сарбаздарын Түркиядағы емханаларда емдеткен Ердоған режимін өзі өсірген жылан шағып алды, сөйтіп тура бір қылмыс үстінде ұсталғандай жағдайға тап болды»,-  деп жазады басылым.    
Елшіні өлтірген лаңкестің «Әл-Нұсра» ұранын айтуы әрі Алеппода болған жайттарды алға шығарғанына қарамастан, Ердоған режимі жұрттың назарын «Әл-Нұсрадан» басқа жаққа аудару үшін байбаламдап өтірік пен жалаға басты. «Әл-Нұсрамен» байланысын әдейі көрмегенсіді. 
Алайда, бұл әрекеттері режимге мойынсұнған БАҚ пен топтар арқылы Түрік қоғамына ғана ықпал еткеннен басқа іске жарамады. Ресей болса,  Ердоғанның «Қылмысты Гүлен жамағаты істеді» деген түсіндірмесіне «Қылмысты ашу әлі аяқталмады, артында кім тұрғаны әлі анық емес» деген жауап айтты. Онсыз да Ердоған режимі көрмегенсіп отырған радикал жихатшылармен байланыстарды Мәскеу жақсы-ақ біліп отыр.



Ресей БҰҰ-ға «Түркия-ИГИЛ-Әл-Нұсра» байланысы барын баяндады

Ресей Ердоған режимінің жихатшылармен байланыстарын ресми баяндама жағдайына келтіріп, Бірікке Ұлттар ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне тиісті шара қолдану мақсатында ұсынған болатын. Баяндамада Түрік ұлттық қауіпсіздік қызметінің ИГИЛ мен Нұсраға қандай қаруды қашан, қандай жолдармен жеткізгені жеке-жеке түсіндіріледі.


10 Ақпан мерзімінде берілген баяндамада былай делінген:

«ИГИЛ сарбаздары Түрік ұлттық қауіпсіздік қызметінің көмегімен Ресей мен Советтер Одағынан шыққан елдерден Сирияға барғысы келетін жихатшыларды үйлестіру әрі олардың қақтығыстарға қатысуына жағдай жасау үшін Анталияда жасырын желі құрды. 
Осы желінің  ішінде түбі қырғызстандық Абдуллаһ атты бір кісі, кавказдық Азмет, тегі Татар Елнар, Ресей Федерациясынан Ильияс, Адил Алиев атты әзірбайжандық әрі тегі Черкез Низам бар. Бұл кісілерге 1 Сәуір 1978 жылы Татарстанда туылған Ресей азаматы Рулан Растямович Кайбулов (Бұдан бөлек, Барыш Абдул немесе «Хожа» деген атпен де белгілі) жетекшілік жасайды. Кайбулов отбасымен бірге Анталияда өмір сүруде. Тұрғылықты жері – Түркия. 

Aнталияда мүшелікке адам табу, құрылған уақытша бақылау орталығының қадалағауымен былай жүргізіледі: Бақылаудағы адам террор актісіне қатысуды қабылдаса, осы орталықтағы адамдар сол адамға ақысыз құқықтық кеңес беріп, басына азаттық алуға уәде береді. Түрік адвокат Тахир Тосолар осы кісілердің құқықтық істеріне қарайды. Түркия азаматы Чечен Сұлтан Кекурсаев шетелдіктер ұсталған Анталиядағы осы орталыққа осы себепті талай мәрте барған. 
2015 жылдың Кыркүйегінде Европа мен Орта Азиядан келген мыңнан аса ИГИЛ сарбазы Газиантеп шекарасын пайдаланып, Түркиядан Сирияға апарылды.
2014 Наурызында Түркия Қауіпсіздік Ұйымы басшысы Хакан Фидан Либия азаматы Мехди әл-Харати үйлестірген бір топ ИГИЛ-діктердің Сирияға өтуіне жағдай жасады. Жауынгерлер Либиядан теңіз арқылы Сирияға апарылды.

2015 жылдың Желтоқсан айының соңынан бастап Түрік ұлттық қауіпсіздік қызметі ИГИЛ лаңкестерін Сириядан Түркияға, ол жерден Йеменге жеткізу үшін түрік әскери ұшақтарын қолдануда. Балама ретінде теңіз жолын пайдаланып, лаңкестерді Аден портына жеткізуде.
Барша білетіндей, жараланған ИГИЛ лаңкестерін Түркия өз жеріне әкеліп емдетуде. Бір ғана Ғаизантепте 2014 жылы жоқ дегенде 700 ИГИЛ лаңкесі емделіп, сауығып шыққан».


Путин көп нәрсе біледі
Анкараны барынша тығырыққа тіреген Мәскеудің Ердоған режиміне қатысты білетін бір ғана нәрсесі ИГИЛ-діктер мен «ӘЛ-Нұсра» секілді өзге де террорлық ұйымдардың жұмыстарын үйлестіріп бергені емес. Бұдан бөлек, Ердоғанның күйеу баласы Берат Албайрактың радикалдармен сауда қатынастары да Ресейдің БҰҰ-ға ұсынған баяндамасында орын алған. ИГИЛ-дің қаржы көздеріне қатысты 2015 жылдың 2 желтоқсанында баспасөз мәслихатын ұйымдастырған Ресей ИГИЛ-ді жеңу үшін заңсыз мұнай сауда жолдарының және инфроқұрылымын жою керектігін айтып, былай деу арқылы Ердоғанды меңзеді: Сириядан заңсыз жолмен сатылған мұнайдың негізгі барған орны Түркия. Ресей БҰҰ-ға ұсынған баяндамада және қоғамдық пікірге ұсынған түсіндірмеде былай деді: 

Біздегі қол жеткізген мәліметтер бойынша ИГИЛ аймақтарынан Tүркияға жасалған заңсыз мұнай саудасына Түркияның жоғарғы деңгейдегі саяси элитасы, президент Ердоған мен отбасы араласқан. Аймақта көрші елдерден мұнай ұрлаған түрік элиталары мен бандалардан құрылған ортақ команда жұмыс істеуде.  Мыңдаған танкерден индустриалды сипатта өте үлкен мөлшерде мұнай құбырлар арқылы Түркияға жеткізілуде. ИГИЛ-дің бақылауындағы аймақтардан Түркияға кіргізілген мұнайдың бір бөлігі ішкі нарыққа шығарылуда. Мұнайдың бір бөлігі кемелерге тиеліп, Түркия шекарасынан шетке шығарылуда. Ресей операцияларының нәтижесінде террористердің табысы жарты есеге азайды.  

Берат Албайрактан бастап Ердоған отбасының осы заңсыз мұнай саудасына тікелей қатысы бар.  Қараша айында Түркия шекарасында 16 мың 260 мұнай танкері байқалды. Taнкерді жүргізушілердің кейбірі жүзін ұрылар секілді бетпердемен жауып алған. Ғарыштан түсірілген көріністер танкерлердің шекарадан өткеннен кейін Түркияда жолын жалғастырғанын байқатты.
Ресей сөз етілген баяндамада бұдан бөлек «Түркия ұлттық қауіпсіздік жүк өліктері ісіне сілтеме жасап, Түркияның сарбаздарға қару жібергенін анықтаған журналистерді түрмеге тоғытты» деген жерін баса көрсетті.

НӘТИЖЕ: «ӘЛ-НҰСРА» ЕРДОҒАННЫҢ БАСЫН ЖАЛМАП ТЫНАДЫ

БҰҰ баяндамасына дейін барған өте нық фактілермен тығырыққа тірелген Ердоған ішкі қоғамдық пікірді бақылауында ұстау әрі Әл-Каидамен қатысын бүркемелеу үшін ашық түрде манипулияция жасауда. Бұдан бөлек, халықаралық қауымдастық негізі Түркияда нендей жағдайлар орын алып жатқанын жақсы біледі. «Zaytung»-та пародиялық хабарға тақырып болғанындай «Ердоған Ресейге, «Сайлау жәшігіне барайық, қандықол қылмыскердің қай ұйымнан екеніне халық өзі байлам жасасын» деуі» бір сәттік мәселе болса да бұл әрекеттер әлемде күлкі-мазаққа себеп болғаннан басқа іске жарамауда. Жихатшыларға жіберілген қаруларды серия нөмірлеріне дейін білетін халықаралық қауымдастық өтірік мәлімдемелердің де саяси тұрғыдан қандай мағынаны білдіретінін жақсы біледі.   

 

Нұржан Қалдыбекұлы

Дереккөзі: aktifhaber.com

Қатысты Мақалалар