6 жылда қанша қазақстандық қыз ҚХР азаматына тұрмысқа шыққаны белгілі болды

/uploads/thumbnail/20170709200225171_small.jpg

ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев 6 жылда ҚХР азаматтарына 253 қазақстандық тұрмысқа шыққанын айтты. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Жұмыс барысында Статистика комитетінің мынадай бір деректерін кездестірдім. Жалпы, бұл цифрлар осыған дейін Фейсбукте қызу талқыланған мәселеге қатысты болғандықтан, оқырмандарыма маңызды болар деп ойлаймын.

Қарап отырсақ, 2010 жылдан бастап 2016 жылғы сәуір айына дейін ҚХР азаматтарына 253 қазақстандық тұрмысқа шыққан көрінеді. Соның ішінде, 190 қазақ қызын Қытайда тұратын өз қандастарымыз, яғни қазақ жігіттері жар еткен. Осы уақыт ішінде, яғни алты жылда этникалық қытайлармен некеге тұрған қыздар саны – небәрі 34.

Ал, осы кезең ішінде Қазақстанның 277 азаматы ҚХР қыздарына үйленген. Соның ішінде 244-і - Қытайда тұратын қазақ қыздарымен бас құраған қазақ жігіттері» деп жазды Дәурен Абаев.

Қатысты Мақалалар