Өнертапқыштар сиясыз жазатын құрылғы ойлап тапты (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709201348426_small.jpg

Нидерландтық өнертапқыштар ешқандай сиясыз қағазға жазу басып шығаратын құрылғы ойлап тапты деп хабарлайды 24.kz.

Делфт техникалық университетінен түлеп ұшқан жастар баспа құралы лазер сәулесінің көмегімен жұмыс істейтінін айтады. Енді баспаханалардағы қызмет құны біршама арзандап, сапа артуы тиіс. Қазір өнертапқыштар техника шығарумен айналысатын ірі компаниялармен келісім жасасып, үлкен нарыққа шығуды көздеп отыр.

 

Қатысты Мақалалар