Мешітте атыс болды

/uploads/thumbnail/20170709202012774_small.jpg

Квебек қаласындағы мешітте атыс болып, 4 адам көз жұмды деп хабарлайды bbc.com. Шабуыл кезінде мешітте ондаған адам болған. Оқиға болған жерге полицейлер мен жедел жәрдем келді.

Полиция күдікті екі адамды ұстағанын хабарлады. Нақты қанша адам жараланғаны айтылмай отыр. Куәгерлердің айтуынша, мешітке үш қару асынған адам кірген.

Күдіктілердің бірі 27 жасар ер адам, екіншісінде Калашников автоматы болған.

Өткен жылдың маусым айында белгісіз біреулер мешіттің табалдырығына шошқаның басы салынған сыйлық қорапшасын тастап кеткен. Оның ішінде «Астарың дәмді болсын» деп жазылған хат табылған. Ислам дінінде шошқаның еті харам болып есептелетінін еске саламыз.

 

 

Қатысты Мақалалар