БҚО әкімі 56 миллион теңгелік көлікпен жүр

/uploads/thumbnail/20170709202222206_small.jpg

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Күлгінов жаңа жылда жаңа көлікпен жүр деп хабарлайды uralskweek.kz. Өңір басшысы 56 миллион теңгелік Audi A8 маркалы,   001 WK нөмерлі көлік алған. Мұны БҚО әкімінің баспасөз қызметі де растады. Алайда баспасөз қызметі  бірнеше минуттан кейін uralskweek.kz-ке қайта қоңырау шалып, көліктің жалға алынғанын айтқан.

«Қаражатты үнемдеу үшін көлік жергілікті кәсіпкерлерден жалға алынды. Көлікке ай сайын 50 мың теңге төлейді» деді облыс әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Жарқын Түсіпбеков.

БҚО әкімі Алтай Күлгіновтың көлігі арнайы тапсырыспен дайындалған. Онда қымбат мультимедиялық жүйе орнатылып, сирек кездесетін ағашпен жабдықталған, отыратын орындықтары ашық түсті терімен қапталған.

Mercur Auto компаниясынан шығарылған Audi A8 маркалы көлікбұзылып қалған жағдайда  Астрахан немесе Атырауда жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Себебі , Орал қаласында Mercur Auto компаниясының ресми дилері жоқ. 

Қатысты Мақалалар