Өзбек азаматшасын жалдамалы пәтерде ұстап, жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүрлеген деп хабарлайды nv.kz. Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Өзбекстан азаматшасын жыныстық құлдықтан құтқарды. Полицияға белгісіз біреуден пәтерде Өзбекстан тұрғынын ұстап, жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүрлегені турасында ақпарат келіп түскен.
Полицейлер арнайы операция жүргізіп, қызды құлдықтан босатты. Белгілі болғандай, оны 30 жасар Шахтинск тұрғыны, 37 жасар Қарағанды және 27 жасар Алматы тұрғыны құлдықта ұстаған. Басында қызды Алматыда жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеп, одан кейін Қарағандыға алып келген.
Ұсталған әйелдерге қатысты 10 қылмыстық іс қозғалды. Олар «Заңсыз түрде еркіндігін шектеу», «Сексуалды қанау», «Адам саудасы», «Жеңгетайлық» секілді ауыр қылмыстар бойынша айыпталып отыр.