Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиада да Қазақстан құрамасының қоржынына үшінші алтын жүлде түсті деп хабарлайды vesti.kz. Биатлоншы Галина Вишневская барлығынан оза шауып, алтын медальді иеленді. Галина 7,5 шақырымға спринт сайысына түсіп, 21 минут, 43,1 секунд уақыт көрсеткішімен үздік атанды.
Бұл Галина Вишевскаяның алғашқы жүлдесі емес. Отандасымыз бұған дейін күміс жүлдеге ие болған.
Спортшымыз үшінші алтын алғаннан кейін біздің құрама қазіргі уақытта командалық есепте қайта екінші орынға шықты.