Жазасын өтеушілердің түрмеде жаппай тәртіпсіздік жасағанына Трамп себепкер болған

/uploads/thumbnail/20170709203139844_small.png

АҚШ-тың Смирна қаласындағы түрмеде жазасын өтеушілер шу шығарып, 4 бақылаушыны тұтқынға алды деп хабарлайды bbc.com. Оның екеуін жіберген.

Жазасын өтеушінің бірі News Journal газетінің журналистерімен байланысқа шыққан. Мұндай шу шығаруының себебі АҚШ президенті  Дональд Трамп екенін айтқан және жақында барлығы жаман жаққа өзгеретінін білетінін жеткізген.

Жазасын өтеушілердің бірінің қалыңдығы мен корреспондент болып жұмыс істейтін анасы арқылы журналистермен байланысқан.

Журналистерге түрмедегі жағдайды жақсартуын талап етіп отырғанын айтқан. Білім беретін бағдарламалар жасауын талап етіп, түрмеге қанша қаржы бөлінетін білу жолдарын сұрады.

Смирна түрмесіне ондаған полицей келді. Босатылған екі тұтқынның бірі өміріне қауіп төнбейтіндей оқпен жараланған. Қалған тұтқынның жағдайы белгісіз. Қазір жазасын өтеушілермен келіссөз жүргізіліп жатыр.

Смирнадағы түрме Делавэр штатындағы ерлерге арналған ең ірі түзету мекемелерінің бірі. Онда өлім жазасына кесілгендердің камерасы болған. Сонымен қатар онда өлімге кесу үкімдерін орындап отырған. 

Қатысты Мақалалар