45 күн сайын қайталанатын ауру

/uploads/thumbnail/20170709203244174_small.jpg

16 жастағы Шалини Ядавтың өмірі тозаққа ұқсайды. Туылған сәтінен бастап ауыр дертке шалдыққан қыз 45 күнде қайталанып отыратын азапты басынан кешіріп келеді. Әр 45 күн толған уақытта терісі алына береді, солайша әр ай сайын қайталана береді екен. Өкінішке қарай, Шалини әр кез адам төзгісіз жанына батқан ауруды басынан кешіреді. Дәрігерлер қыздың эритродермияның ауыр түріне шалдыққанын айтып отыр. Бұл айықпас тері ауруы қыздың ғана емес, оның туыстарының да жанына қатты батады.

Шалинидің ерекше сырт келбетіне қарап, адамдар оны «жылан-адам» деп атап кеткен.  

Туылған кезінде қызды көрген дәрігерлер таң қалған. Содан бері ата-анасы қыздың өмірін жақсарту үшін қолынан келгенін істеп жатыр. Өкінішке қарай, жоқшылықтан тарыққан отбасының Шалиниді емдеуге жеткілікті қаражаттары жоқ.

Қыздың терісі сыпырылып түспеуі үшін оған ванна қабылдап, әр үш сағат сайын ылғалдандыратын крем жағып тұруы керек. Бірақ бұл кремді сатып алуға қыздың ата-анасының жағдайы жоқ.

Шалинидың сырт келбетінін айналасындағылар үрейлене қарайды. Сондықтан оған мектепке баруға тыйым салды.

Қыздың өзі ауруды терісінің түсу кезінде ғана сезілмейтінін айтады. Оның терісі отпен күйдіріп жатқан тәрізді болады екен. Одан бөлек, шарасыз қыздың терісі күннен-күнге қатты болып барады. Тіпті, оған жүрудің өзі мұң екен.

Қыздың ата-анасы мәселені шешуден үміттері үзілгендей. Шалиниден бөлек отбасыда тағы жеті бала бар.

Ең қорқыныштысы, қыз дертінен толығымен айыға алмайды. Тек дәрілер арқылы оның ауруын жеңілдетуге болады. Алайда жеткіншектің ата-анасының бұған шамасы жетпейді.

Шалинидің өзі бұл дертіне қандай да бір қарғыс ретінде есептейді. Бақытына орай қыз туралы басылымдарда хабарланғанда, әлемнің әр түкпірінен оған көмек қолын созамын дейтін адамдар табылды. 16 жылдан кейін қыздың өмірі жақсы жағына қарай өзгереді деп үміттенеміз! 

Қатысты Мақалалар