«Регнум» агенттігінің хабарлауынша, Белоруссия билігі Украина секілді толық тәуелсіздік жолымен жүруі мүмкін. Мәскеу бұл туралы шулы мәліметтер жасамайды. Сарапшылар Ресей мен Белоруссия арасында «шекара» пайда болады деп болжайды.
Мамандар Ресей мен Белоруссия арасындағы нағыз шекара пайда болуы мүмкін. Саясаттанушы Александр Класковский «Радые Свабода»-ға берген сұхбатында екі ел арасындағы дағдарыстан құтылмаса Ресей мен Белоруссия арасында мемлекетаралық шекара орнайды. Ол «жалған бауырластық интеграциясынан» екі ел арасындағы дұрыс қарым-қатынасқа көшетін уақыт бұрын жеткенін айтты.
Енді Ресей президенті Владимир Путин мен Белоруссия президенті Александр Лукашенконың кездесуін күту ғана қалды. Ресей президентінің баспасөз хатшысы ақпан айында кездесу өтуі мүмкін екендігін айтты.
Кездесу уақыты әлі белгіленбеді. Мәскеу 9 ақпанда өткізуді ұсынып отыр. Ал Минск әлі өзінің келісімін бермеді.