Витас Қазақстанға деген лебізін қазақ тілінде жеткізді

/uploads/thumbnail/20170709204158920_small.jpg

Танымал әнші Витас қазақ тілінде Қазақстан жұртына лебізін жеткізді. Ол Инстаграм парақшасында былай деп жазды. 

Естеріңізге сала кетейік, Витас өз әнін орындаған Димаш Құдайбергеннің үстінен арызданған болатын.  Витас Димаштың «Опера-2» әнін орындауына байланысты Watson&Band адвокаттар алқасына шағымданып, арызда Димаш Құдайбергеннің бұдан кейін кез келген сахнада, кез келген концертте Витастың бірде-бір әнін орындамауы талап етілген.
 

Алайда, авторлық құқықтар жөніндегі сарапшы Темірлан Төлегенов болса Витас өз әндерінің байқауларда орындалуына тыйым сала алмайды деген пікірді айтқан. "Әдетте конкурстарда мұндай тыйымның күші жоқ. Сондықтан конкурстарда кез келген әнді орындай беруге болады. Алайда мұндағы мәселе құқықты кімнің қорғайтынында болып отыр. Мәселен, белгілі бір фильм түсіргіңіз келді делік. Оған әуен таңдағанда авторынан рұқсат сұрап, сыйақысын төлейсіз - бұл авторлық құқықтың сақталуы. Оған белгілі музыканың жарнамада қолданылуы да жатады. Әдетте, менің білуімше, SuperStar.kz сияқты байқауларда лицензияларына сәйкес, не музыкалық баспалармен, не авторлық ұйымдармен келісім жасалады. Осы музыкалық материал құқық иелеріне төлем жасалғаннан кейін берілуі қажет. Сондықтан, менің білуімше, бұл конкурстардың қарапайым процедурасы", - дейді Төлегенов.

 

 

Қатысты Мақалалар