«Сен сондай сұлусың!» Түрлі елдің әйелдеріне мақтау сөз қалай әсер етеді? (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170709204310525_small.jpg

Фотограф Мехмет Генч әлемді аралап, түрлі елдің әйелдерін мақтау сөзін айтқанға дейін және кейінге бейнесін фотоға түсіреді деп жазады bbc.com.

Екі жыл бұрын түрік фотографы Мехмет Генч Латын Америка елдерін аралап, жаңа  жоба жасады.

2015 жылдың қаңтар айында ол мексикалық Сан-Кристобаль-де-лас-Касас муниципалитетінде болды. Моделге өзін еркін сезінуі үшін күлімсіреуін өтінді. Алайда, ол шынайы шықпады. Сол кезде фотограф оны «Сен сұлусың» деді.  Осыдан кейін сурет шынайы шықты. Фотограф «Сен сұлусың» жобасымен жұмыс істеуді ұйғарды.

Генч әлі де әлемді аралап, жобасы бойыша жұмысын жалғастыруда. 2017 жылдың қазан айында «Сен сұлусың» жобасын аяқтауды жоспарлап отыр.

Генчтің сайтқа жариялаған фотосуреттерінен қарапайым сөз адамға қалай әсер етуі мүмкін екенін көре аласыз.  

Матильдаға  (Гватемала) Генч күлімсіреуін өтінгенде ол «Менің тісім жоқ, өтінемін мені күлуге мәжбүрлемеңізші» деген  екен.  

Алайда, оны сұлу деп атағанда ол тісі туралы мүлде ойламады да. «Біз көп күлдік. Бұл жағымды сәттердің бірі болды. Матильданың фотосуреттері менің ең сүйікті суреттерімнің бірі» дейді Генч.

Маргарита Эквадордың Отавало қаласында далада жеміс-жидек сатып тұрды. Генч одан көп тауар сатып алғанна кейін, ол фотоға түсіруіне келісімін берді.

 Генчтің күлімсіреу туралы өтініші өз нәтижесін бермесе де, «Сен сұлусың» сөзі оның шынайы күлкісіне себепкер болды.  

Колумбияның өте шалғайда орналасқан Сьерра-Невада-де-Санта-Марта Зарекким жерінде тек аруако тілінде сөйлейді.

Бұл ауылға келгеннен кейін Генч аруака тілінде «Сен әдемісің» сөзін қалай айту керектігін үйреніп алды. Осы күтпеген сөзді естігеннен кейін Зарекким күлімдей бастады.

Хулианнамен Генч Колумбияның солтүстігінде орналасқан ауылда танысты.

Бұл жер өте құрғақ. Кейбір айларда жаңбыр мүлде жаумайды. Сондықтан Хулиана күннен сақтану үшін бетін арнайы бет пердемен бүркеп алған.

Ол қолөнер сатып тұрған. Генчтің мақтау сөзі оның күлімсіреуіне себепкер болды.

Марубо тайпасының өкілі Мето Бразилияның Амазония штатында тұрады. Ол да тек өз ана тілінде ғана сөйлейді.

Фотограф бірнеше сәлемдесу сөздері мен өзінің мақтау сөзін үйреніп алды. «Сен сұлусың» сөзінен кейін  Метоның шынайы күлкісіне куә боласыз.

Мимба мен Майя да бразилиялық марубо тайпасының өкілдері. Мимба өте ұялшық. Генч тек екінші күні ғана фотоға түсіруге рұқсат алды.

Ол «Сен сұлусың» сөзін есстігеннен кейін өзін еркін сезіне бастады.

Альтена өз үйінің оң қанатында отырды.

Генч оның жылы шырайлы деп еске алады. Фотограф оған «Сен сұлусың» дегеннен кейін, Альтена күлімдеп қоя берді.

Космита Аталайя-до-Нортенің тағы бір тұрғыны. Генчтың мақтау сөзі оған қалай әсер еткенін қараңыз.

«Ешбіріне «Сен сұлусың» сөзі дәл былай әсер етпеген» деп еске алады фотограф.

 

 

Қатысты Мақалалар