Осыдан бір неше күн бұрын ҚХР Шыңжаң ұйғыр автономиялы ауданынадағы қандастарымыздың Ата жұртына келуіне Қытай үкіметі тарапынан жасалып жатқан кедергілер туралы «Қытай Қазақстан саясатына қарсы ма» атты мақаламызда айтып едік. Зейнет жасына толған азаматтарды Қазақстанға жібергісі келмеген жергілікті үкімет(Аудан, қала, өлке) олардың жылдар бойғы еңбегі болып есептелетін зейнет ақысын кесіп тастау туралы «қоқан лоқысын» көрсеткен еді. Аз болса да еңбегінің жемісінен айырлығысы келмеген қарттарымыз ата жұртындағы бала-шағасынан шарасыз қол үзіп отыр. Осы туралы «түн ұйықтамай, күн отырмай» бір тетігін іздестіре бастағанымыз шын. Қытай мемлекетінің заңнамаларын ақтарыстырып көріп, зейнет ақы туралы мына бір ақпаратқа қол жеткіздік.
2016 жыдың 20 шілдесінде белгісіз бір сайт қолданушысы сұрақ қалдырған екен. Осы сұраққа берілген жауапты оқып көріп едік, көкейге қонымды болып шықты. Назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Аударылғаны:
Сұрақ: Қытай үкіметінен зейнетке шыққан азамат, шетел азаматтығын қабылдаған болса, жалғасты зейнет ақынсына қол жеткізе ала ма?
Жауап: Қытай үкіметі қызметкерлері зейнетке шығып, одан әрі шетел азаматтығын алуға құқылы. Әрі зейнет ақысына толықтай қол жеткізе алады. Бұл заң 1985 жылы қолданысқа енген, міне 30 жылдан бері жүзеге асып келеді. Осы «заңнамаға» сай өзге ел азаматтығын алған қытайлық азамат, өзі тұрған мемлекеттегі қытай елшілігіне барып, қажетті құжаттар мен өтініштерді қалдыруы керек. Осы арқылы зейнет ақысын жалғасты алуына болады. Сайттағы осы ақпараттарда осы заң 2015 жылдың 7 шілдесінен бастап тіпті де күшіне еніп отырғанын байқауға болады.
Сұрақ-жауаптың қытайша нұсқасы және сайттың мекен-жайы:
Қаба Мыңбаев
Пікір қалдыру