Үндістанда үйленгісі келетіндер жеке әжетханам бар деген анықтаманы имамға көрсетулері қажет

/uploads/thumbnail/20170709211059421_small.jpg

Үндістанда жүздеген ауылдар неке қию тәртібін қатаңдатты. Енді жастар некеге тұру үшін жеке соғылған әжетханасы бар екені туралы анықтама алып келуі керек.

Ауыл басшысы куәландырған анықтама болмайынша имамдар жастардың некесін қимайды. Жергілікті тұрғындар елдегі санитарлық жағдайды осылай жақсартуды қолға алып отыр, деп хабарлайды Joinfo.ua жергілікті БАҚ-тарға сілтеме жасай отырып.
 
Үндістанның солтүстігіндегі штаттың мыңдаған имамдары елдегі санитарлық жағдайды қалыпқа келтіру мақсатында осындай қадамға барып отыр. Жаңа тәртіп елдегі жүздеген ауылдарға ендірілетін болады.

Жалпы, Үндістандағы санитарлық жағдай қазіргі таңда өте өзекті мәселеге айналған. Ауылдық жерлерде жеке әжетхана салу үлкен проблемаға айналған. Себебі, жаздың аптап ыстығында айналадағы «лас қоқыстар» адам өміріне қауіп төндірсе, жауын кезінде олар елді мекендерді басып қалатын жағдайлар жиі кездесуде.
 
Міне, сондықтан Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Моди (Narendra Damodardas Modi) 2016 жылы жазда Тәуелсіздік күніне орай сөйлеген сөзінде ел тұрғындарына арнап 20 млн-нан астам әжетхана салынғанын хабарлаған болатын.

 

Қатысты Мақалалар