Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей Қырымды қайтару туралы мәселені АҚШ-пен талқыламайтынын мәлімдеді деп хабарлайда bbc.com. Осылайша ол Ақ үйдің баспасөз хатшысы Шон Спайсердің Дональд Трамп Қырымды Украинаға қайтаруды күтіп отыр деген мәлімдемесіне жауап берді.
Күнделікті өтетін брифингте журналистер Песковтан Спайсердің сөздеріне қатысты пікір білдіріп, Ресей президенті Владимир Путинмен АҚШ президенті сөйлескенде Қырым мәселесі айтылды ма деп сұрақ жолдады.
«Жоқ, көтермеді. Біз АҚШ-пен байланысты орната аламыз деп үміттенеміз. Іскерлік тұрғысынан американдық серіктестерге өз позициямызда жеткізетін мүмкіндік туады деп ойлаймын» деп жауап берді Песков.
Бұған дейін Ақ үйдің мәлімдемесіне қатысты Ресейдің СІМ өз пікірін білдірген.
«Біз өз территориямызды қайтармаймыз. Қырым Ресей Федерациясының жері» деді Мария Захарова.
Ресей Қырымды 2014 жылдың көктемінде басып алған. Киев және халықаралық ұйымдар Қырымды Украинаның жері деп есептейді. АҚШ және Еуропа елдері Ресейге Қырымға басқыншылық әрекет жасағаны үшін және Украинаның шығысындағы әскери шабуылдарды Ресей жасады деп айып тағып, санкциялар салған.