Әлеуметтік желілердің жұлдызына айналған қауырсынсыз тотықұс

/uploads/thumbnail/20170709211306111_small.jpg

Реа есімді тотықұс өткен жылдың күзінен бері әлеуметтік желіллердің жұлдызына айналды. Аурып қалғанына байланысты, таз тотықұс қауырсындарынан айырылып қалған еді. Бостондық 23-жастағы Изабелла Айзенман тотықұсты асырап алды, деп хабарлайды Joinfo.ua сайты.


 

Өзінің пішімі келіспейтін ұсқынсыз түріне қарамастан, тотықұс мейірімділігімен, ешбір адамды жатырқамайтындығымен және көңілді мінезімен ерекшеленеді. Изабелла Айзенман алғашында әлеуметтік желілерге тотықұсының қызықты суреттерін шығарып жүрген. Әлеуметтік желі қолданушылары Реаның бастан кешкен оқиғасына бейжай қарай алмай, қауырсындарынан айырылған тотықұсқа кішкентай жемпірлер жібере бастады.

Табынушылары жіберген жемпірлерді кигенде, Реаның өзіне деген сенімі арта түседі. Қанаттарын жайып ұша алмаса да, әрдайым үйдің ішінде жүгіріп жүреді. Тіпті, әндетуге де тырысады екен. 

 

Қатысты Мақалалар