Трамп Ресейге қатысты ойын тілшілерден жасыруда

/uploads/thumbnail/20170709211617322_small.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп пресс-конференцияда Америка жағалауында табылған ресейлік кеме жайында айтып қалды, деп хабарлайды informburo.kz.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қатысты сыртқы саяси жоспарларымен бөліспейтінін тілшілерге хабарлады.

Пресс-конференция үстінде тілшілер Трамптан Америка жағалауынан табылған «Виктор Леонов» атты барлау кемесіне қатысты, сондай-ақ халықаралық міндеттемелерге қарамастан әскери қаруландыру құрамына қанатты ракеталарды қабылдауы және Қара теңіз жағалауында ресейлік ұшақ пен америкалық кеменің кезедсуіне қатысты сұрақтар қойды.

«Қандай жоспарларымның бар екенін ешкіммен бөліспеймін», - деп жауап берді Трамп, өзінің әскери және басқа да істері жайында халыққа жариялағысы келмей..

«Солтүстік Кореяға, Иранға қатысты жоспарларыммен бөліспеймін. Себебі, бұл жайында олардың өздері білмеуі тиіс. Сондықтан Ресейлік кемеге де қатысты ойымды жарияламаймын. Ешқандай амал қолданбаймын деп үміттенемін, сонда да білмегендерің абзал» , - деп жұмбақтады АҚШ президенті.

Пресс-конференцияда Трамп бірніші Америка жағалауынан табылған ресейлік кеме жайында хабарлады:

«Жағалаудан 30 мильдік қашықтықта орналасқан кемені Ресейдің өзіне апарып берсем де болады. Оған еліміздің әр адамы оң көзқарас танытып, «Керемет жаңалық» десіп қалар еді. Бірақ бұл ешқандай да керемет жаңалық болмайды. Мен Ресеймен арамызды түзетуге тырысқым келетін еді»

АҚШ таяу шығыстағы одақтастарымен араб әскери коалацияны НАТО-ға ұқсастырып салу жөніндегі сұрақтарды қарастыруда.

Алдағы деректер бойынша, әскери одақ құрамына 5 мемлекет кіреді: Израиль, Сауд Арабиясы, БАӘ, Египет және Иордания. Аталған мемлекеттер Иранға қарсы одақтаспақ ниетте.

Қатысты Мақалалар