Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше дауыс иесі, миллиардтар елі Қытайға қазақ атын танытып жүрген Димаш Құдайберген туралы Twitter-де пікірін білдірді деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
«Димаш Құдайберген белгілі әншілер отбасынан шыққан аса дарынды музыкант, бүкіл әлемге танымал болды. Өнер мансабын табысты болсын, бауырым!», - деп жазды Сенат спикері.
Айта кетер болсақ, Димаш Қытайда «Мен әншімін» атты телебайқауда бақ сынап жатыр. 14 кезеңнен тұратын байқаудың әзірге дейін 6 кезеңі өтті. Димаш 1, 2 кезеңде бірінші орын, 3, 4 кезеңде үшінші орын, 5 кезеңде 5 орын алса, кеше ғана 6 кезеңде тағы да бірінші орын алғаны белгілі болды.
Димаш Құдайбергенов Витебскте өткен "Славян базары-2015" халықаралық байқауында жеңімпаз атанған еді. Ол, сонымен қатар, "Шығыс базары" және "Мейкин Азия" байқауларының Гран-при иегері.
Димаш Құдайберген белгілі әншілер отбасынан шыққан аса дарынды музыкант, бүкіл әлемге танымал болды. Өнер мансабын табысты болсын, бауырым!
— Kassym-JomartTokayev (@TokayevKZ) February 15, 2017