АҚШ-та қандасымыз Қанат Ислам 23 кездесуін өткізіп, қарсыласын алғашқы минутта-ақ құлатып салды деп хабарлайды "Қамшы" порталы. Кездесу Американың Делавэр штаты Уилмингтон қаласында өтті.
Айта кетсек, отандасымыз 23 кездесуін Алматыда өткізген болатын.
Бүгін Қанат Ислам бразилиялық боксшы Робсон Ассиспен жекпе-жекке шықты. Боксшымыз шаршы алаңға "Қамшы" порталының гимні "Дүр Қамшы" әнімен көтерілді. Ойын бастала сала қабағын қанатып алған Қанат қарымта соққысын үдетіп, қарсыласын оң қолымен бір минутқа жетпес уақытта-ақ нокаутқа жіберді.
Жекпе-жекті "Қазақстан" және KazSport арналары тікелей эфирден көрсетті.
Қанат Ислам жеңіс сөзінде ағылшын және қазақ тілінде жанкүйеріне алғыс білдірді.
Жарысты көруге Қанат Исламның демеушісі, меценат Бауыржан Оспанов арнайы барған.
32 жастағы отандасымыз Қанат Ислам кәсіпқой боксқа 2012 жылы ауысып, сол уақыттан бері ешкімге дес берген жоқ. Ол өзі өткізген 23 кездесудің барлығында жеңіске жетті. 19 рет қарсыласын нокаутқа түсірді. Осы кездесуі қандасымыздың АҚШ жерінде өткізген төртінші жекпе-жегі. Ол WBO Intercontinental және WBA Fedelatin тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы.
Бокс бәсекесі әлі де жалғасу үстінде. Бұл кештің басты жекпе-жегінде 48 жастағы атақты боксшы кіші Рой Джонс 46 жастағы Бобби Ганнмен жұдырықтасады.