Қанат Ислам - Қазақтың ұлттық намысы!

/uploads/thumbnail/20170709211947364_small.jpg

Кімге де болсын Тек керек,

Және де намыс, От керек!

АҚШ-та штат Делавэр

Қанат пен Робсон - жекпе-жек...

 

Ес жиюға да бермеді,

Сеніммен дәлдеп сермеді...

Қас-қағым сәтке жеткізбей,

Ұлтымның ұлы ерледі!

 

Біздің ұл тып-тың құр аттай,

Ал, ойлар – мөлдір бұлақтай...

Қанат ер - Робсон Ассисті

Тандыра естен құлатты-ай!..

 

Қай сынға дайын, бекем-ді,

Ал, бойда қайрат жетер-ді!

Тағы да Қанат Ислам -

Қазағын көкке көтерді!

 

Жұрт ұйып қазақ әуенге,

Бас иіп ұлттық сәлемге,

Қазақтың Туын – Ұлт Тілін,

Танытты Қанат әлемге!..

 

Жылтырын емес сыртының,

Ойлайтын жәйін жұртының,

Әр Қазақ, біздің Қанаттай,

Болса ғой ұлы Ұлтының?

 

Жеңістен тұрған әр ісі,

Ұлтымның текті арысы,

Қанаттай болса, арман не,

Қазақтың Ұлттық Намысы!..

Авторы: Жұмаш Кенебай

Қатысты Мақалалар