Трамптың кортежіне шабуыл жасалды

/uploads/thumbnail/20170709212225578_small.jpg

Палм-Бич (Флорида) әуежайынан Трамптың меншігіндегі Мар-а-Логаға келе жатқан АҚШ президенті Дональд Трамптың кортежіне белгісіз зат лақтырылған. Бұл жөнінде ҚазАқпарат хабарлайды.

ABC News телеарнасы Twitter-де хабарлағандай, кортежге тас лақтырған. Алайда президент автомобилінің жанында келе жатқан машинаға тиген. Мемлекет басшысының лимузині зардап шекпеді. Арнайы қызмет осы оқиға бойынша тергеу жұмыстарын жүргізуде.

CNN дерегі бойынша, оқиға жұмы күні, 17 ақпанда түстен кейін орын алған. Трамп демалыс күндерін Флоридада өткізуді жоспарлап келген.


 

Қатысты Мақалалар