Димаш пандалармен жүздескен ресми 1-ші Елші атанды(Видео)

/uploads/thumbnail/20170709212237665_small.jpg

Қытайда байқауға қатысып жатқан Отандасымыз Димаш Құдайберген пандалармен жүздескен ресми 1-ші Елші атанды деп хабарлайды "Қамшы" порталы.

Байқау өтіп жатқан Чанша қаласынан Чанду қаласына Димаш арнайы ұшып барып, "I am in China" жобасы аясында пандалармен кездескен. Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында жазды.

"Әлемдік жануарларды қорғау ұйымының логотипінен панданың суретін көргенде "не себепті дәл осы жануар қызыл кітапқа еңіп жатқан мыңдаған тіршілік иесінен бірінші орында, үлкен назарға ие" деп ойлайтын боларсыздар?! Бұл жануар әлем бойынша 2000-ға жуық қана саны қалыпты. Өмір сүрулері ерекше! Мінездері адамға ұқсас. Ренжіп қалады, еркелейді!... Мен кеше олармен кездестім... 
Қытайдың Сычуан өлкесі жер жүзіндегі барлық панданың Отаны! Чанду қаласына арнайы ұшып барып, осынау сүйкімді жануарлармен жақынарақ таныстым. Әлем бойынша тұңғыш рет "I'm in China" жобасы аясында пандалармен жүздескен ресми 1-ші Елші атандым! Ақыл-санасы жетік әр адам баласы Алланың жаратқан әр тіршілік иесіне мейіріммен қарауы тиіс!", - деді Димаш Құдайберген.

Сондай-ақ, Димаштың досы әрі продюсері Алпамыс Шаримов пандалармен кездесуге барған сәтінен видео бөлісті.

Қатысты Мақалалар