Киев орталығында көтеріліс болды деп хабарлайды bbc.com. Полиция мен ереуілдеушілердің арасында қақтығыс орын алды.
Ереуілдеушілер президент әкімшілігі орналасқан көшемен өтуге талпынған. Алайда полицейлер оған жол бермеді. Нәтижесінде полицейлер мен ереуілдеушілердің арасында қақтығыс болды.
Жергілікті БАҚ айтуынша ереуілдеушілер қоршауды бұзып, Тәуелсіздік алаңымен жүріп өткен.
Ереуілдеушілер Киевтің бақылауына жатпайтын жерлерді оқшаулау туралы заң шығаруды талап етті.
Бірнеше адам ұсталды. Оның ішінде Украинаның ұлтшылдар ұйымының көшбасшысы Микол Кохановский де бар.
Қақтығыс кезінде бір полиция қызметкері зардап шеккен.