Жақын күндері Сирияда дауласушы тараптар бейтарап аймақта қайта бас қосады, бұл жолы Қазақсатанның астанасында. Ал келесі кездесулері Женевада өтеді. Бұл жайында Dia Zeit неміс газетінің саяси шолушысы Мартин Гелен жазды. Женевада өтетеін келіссөздің маңызы Қазақстандағы кездесуден жоғары. Себебі, ол кездесуде Сирия билігінің таралуы жөнінде талқыланатын болады.
«Алайда, Алепподағы жеңілісінен кейін әлсіреп қалған Асадтың қарсыластарының Женеваға келуіне қарамастан, қандай да бір келісімге келеді деп ойламаймын, - деп сөзін жалғастырады автор. - Оның үстіне оларға жан-жақтан қысым көрсетілуде». Атап айтқанда, Түркияның аймақтық одақтастары, Сауд Арабиясы және Катар мемлекеттері өздерінің стратегияларына өзгерістер енгізді, сондай-ақ қару-жарақ жабдықтауды қысқартты. Ал лагерьдегі көтерілісшілердің арасында билікке бола жанжал тууда, жанжал жихадшылар мен бүлікшілердің арасында ғана емес, экстремизмді жақтаушылар арсында да шиеленісе түсті.
Күш көрсетудің «асқынғанына» көп болды, Астана мен Женевада өтетін конференция осыған дәлел. Радикалдар оттың өшуіне түбегейлі қарсылықтарын білдіріп, бүлікшілерді сатқындықтары үшін айыптауда. Тағы айта кетерлігі, «Джун аль-Акса» және «Тахрир аш-Шам» атты жихадшылардан құралған топтар арасындағы бүліктің кесірінен 69 әскер көз жұмды. Аталған топтардың бірінің идеологиясы «Ислам мемлекеті» террористік ұйымына жақын. Келесі топ – «Аль-Каиде» ұйымының басшысы ИШИМ филиалынан тамыр-түбіріне дейін өш алатынына уәде берді. Ескерте кетсек, екі ұйымға да Ресейде тыйым салынған.
«Сириялық еркін әскерінің» жауынгерлері де оқ астында қалды, он шақтысы қолға түсіп, Сирияның солтүстігінде өз әмірліктерін құруды жоспарлап жүрген экстремисттерге қоймаларын беруге мәжбүр болды. Нәтижесінде жергілікті халыққа исламның қатаң тәртібі жүктелді, ал белсенділер мен демократтарды үркітіп, ізін аңдуда.
Сирия мемлекетінің насихаттауына еріп кетіп жатқан, өз қарсыластарын лаңкестер деп есептейтін дін жанкүйерлерінің саны жыл сайын өсуде. «Билік өкілдері адамдарға Идлибтің жаңа сириялық Кандагардан еш айырмашылығы жоқ екенін түсіндіруге барынша атсалысып жатыр», - деп жазды сириялық журналист Ибрахим Хамиди Al Hayat газетінде. Еске сала кетейік, 2001 жылдары ауғандық Кандагар радикалды «Талибанның» орталығы болған, ал Идлиб – Алеппо, Хама және Хомстан қашып келген бүлікшілердің Сириядағы оппозиициялық провинциясы.
Бұл жөнінде Америкадағы аналитикалық Atlantic Counci орталығының қызметкері Файзаль Итани да өз пікірін білдірді: «Осылайша тәртіпті бұзушылар мен экстремизмді жақтаушылардың шаштарын алып, бір бөлімге әкеледі. Ал сондай жағдай болса, Дамаск бар күшімен соққы жасайды және халықаралық аренада бұған ешкім қарсы тұра алмайтын болады».
Аударған: Гүлім ЖАҚАН