"Қамшының" хат қоржынына көп нәрсені қаузаған мәселелі өлең келіп түсті. Сайтымыз еркін пікір алаңы болғандықтан, өзекті тақырыптарды арқау еткен өлеңді оқырман назарына ұсынамыз. Естеріңізге сала кетейік, Санат Досов есімді қазақ азаматы Путиннің саясатын фейсбук әлеуметтік желісінде сынағаны үшін 3 жылға сотталып кеткен болатын. Аталмыш оқиға сайт бетінде "Алты баланың әкесі "facebook-тегі" жазбасы үшін 3 жылға сотталып кетті" деген атаумен шыққан болатын.
ШТРАФТАН - ШТРАФ !
Оңға барсаң - штраф! "Солға" барсаң - штраф!
Он күн өтіп "тіркеусіз", ЦОН -ға барсаң штраф!
Жол ереже бұзсаңыз, штрафқа пара алып,
Таяғы жоқ қолында МАИ - ларың "ысқырат!"
Балаңды ұрсаң - штраф! Қатын соқсаң - штраф!
Бейбіт шеру көшеге халықпен шықсаң - штраф!
Агрессор, шовинист сынап жазсаң Путинді,
Сотталасың бес жылға түрмеде "көзің жылтырап!"
Жалға барсаң - штраф! Аңға барсаң - штраф!
Көбейтуге штраф, министрлер "ұшқыр - ақ!"
Ұлттық қордың "қалтасын" "тесіп" алған Үкімет,
Штрафпен "қуалап", халыққа "құмалақ тыштырат!"
Аймұханбет Бейсембеков